ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген нормаларға сәйкес балабақшада дұрыс тамақтану ұйымдастырылған. Бала денсаулығы үшін салауатты тамақтанудың маңызы зор. Бармағынан бал тамған аспаздар бүлдіршіндерге перспективті ас мәзіріне сәйкес күнделікті дәмді әрі пайдалы тамақтар ұсынады. Таңғы асқа әр түрлі пайдалы ботқалар, түскі асқа дәрумендерге толы көкөніс салаттары мен бірінші, екінші тамақтар дайындалады. Сусындардың да бала ағзасына пайдасы зор. Біздің балабақшада балалардың тамақтану нормаларын ескеретін маусымдық мәзір жасалады. Бала күніне белгілі бір мөлшерде ет, май, айран, жеміс және т.б алу керек. «Балдәурен» балалар бақшасының медбикесі Байгабатова Н.М