Жүгіру жолы
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Балдәурен» Балалар Бақшасы МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
Атауы Жүктеу
1 Штат расписание 2024 Балдәурен

 

Салынған жылы: 1968 жыл, 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Ғимарат ауқымы: 1864

Жалпы алаңы: 548,9

Негізгі ауданы: 385,4

Қабат саны: 2

Мекен-жайы: Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Панфилов көшесі №122

Байланыс телефоны: 8(72836) 3-08-81

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қызмет түрі: Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

Оқыту тілі: Қазақ тілі

Тәрбиеленушілер саны: 90

Топтар саны: 4

  1. Орта «Бөбек» тобы
  2. Ересек «Қуаныш» тобы
  3. Ересек «Айгөлек» тобы
  4. Мектепалды «Күншуақ» тобы

Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан «Балдәурен» балалар бақшасы 1968 жылдан негізін қалап, осы күнге дейін жұмысын жалғастырып келеді. «Балапан» бағдарламасы аясында 3 жас пен 6 жас аралығында 90 бала  тәрбиеленіп келеді. Балабақшаға кезекте тұрған балалар  e-zhetysu.kz электрондық порталы  арқылы  қабылданады.Балалар балабақшаның  күн тәртібіне дағдыланған.

Балабақша көлемі мен ауданы, сызба жоспарлары Мемлекеттік коммисияның қарауынан өтіп, оң бағамен шешімін тапқан. Әр топтың өздеріне арналған оқу-жаттығу бөлмелері, ас бөлмелері, жатын бөлмелері, әжетханалары талапқа сай орналасқан жәнезаман талабына сай жиһаздармен  жабдықталған. Ыдыстар мен ойыншықтар, баланың дамуына  арналған түрлі дидактакалық материалдар үнемі жаңартылып отырады.

Аталған мекемеде 25 қызметкер жұмыс істейді. Барлық педагогтар жоғары білімді, балабақша қызметкерлері  өз жұмыстарының мамандары. Мекеме қызметкерлері балабақша  ішінің тазалығымен жұмыс тәртібіне ерекше көңіл бөледі.

Балбақшаның жылдық жоспарына сәйкес атаулы мерекелерде балабақша мен ата-аналар арасында байланысты нығайта отырып, заман талабына сай түрлі іс-шаралар үздіксіз өткізіледі. Республикалық талаптар өзгерген сайын, мекеме басшысыда балабақша жоспарына өзгеріс енгізіп отырады.  Балабақшада өткізілген іс-шаралар, оқу іс-әрекеттері, ата-аналармен жиналыстар, кеңестер, хабарландырулар балбақшаның ресми сайты мен истаграм желісінде жарияланып отырады.

 

«БАЛАБАҚША – БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ»

 

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп,  халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.
    Балабақша «Білім туралы» Қазақстан Республикасы заңының,  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша өз мақсат, міндеттерін орындап келеді.
Осы арқау болып отырған тақырыпқа тоқталатын болсақ, балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені болмау керек. Ал, ата-ана үшін балабақша өз жағдайларын жасап, баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмау керек. Осындай көзқарастар қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ұжым ауызбіршілігі мықты деп айта аламын.
     Бүлдіршін бақшаға-достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне айналуы керек. Ал, бала жүрегінде осындай орын алып, балабақшаға демалыс күндері де сәби жүректерін алып ұштырып тұратын деңгейге дейін жеткізетін ол әрине-балалардың бағбаны-тәрбиешілер болып саналады. Ал ондай тәрбиешілер біздің балабақшада бар деп нақты айталамын.
      Балабақшамыз қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі табиғатты қорғау, балалардың экологиялық мәдениетін еселеуге, қоршаған ортаға деген құрметін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәрбие беру — оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік мән-маңызы зор, құнды бағыттардың бірі экологиялық тәрбие бағыты бойынша жұмыстанып мақсат, міндеттерін орындауда.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің бір маңызды шарты ол дамытушы- заттық ортаны дұрыс ұйымдастыру және экологияландыру болып табылады. Тәрбиеші – Бала — Ата-ана болып экологиялық тәрбиеде үш бағыт бойынша жұмыстанып қазіргі таңда көптеген жетістіктерге жеттік. Осындай жұмыс нәтижелері арқасында Ата-аналар балаларының жетістіктеріне қуанып балабақша өміріне белсенді араласып өз тараптарынан балабақшаның көркейе түсуі үшін, өз ұсыныстарын білдірді.