Жүгіру жолы
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Балдәурен» Балалар Бақшасы МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ

«Жетісу обылысының білім басқармасының  Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» балалар бақшасы мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Педагогикалық кеңес хаттамасы  №4

Қарабұлақ ауылы

 

2025-2026 оқу жылы

Өткізілген күні: 02.04.2026 жыл

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны:0

 

Күн тәртібінде:

 

Тақырыбы: «Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың білім алу іс-әрекетінің  негізгі тәсілі»

  1. №3 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы туралы есеп.
  2. Тақырыптық тексеру. «Барлық топ балаларының коммуникативтік құзыреттілігінің даму деңгейі»
  3. «Сюжеттік-рөлдік ойынның баланың сөздік қорын арттырудағы рөлі».
  4. «Ойын іс-әрекетін серуенге жоспарлаймыз»
  5. Аттестациядан өтетін педагогтердің портфолиосын жинақтауда бағыт-бағдар беру. 
  6. Педкеңес жұмысын қорытындылау, шешім шығару.

 

  1. Тыңдалды: Чимчикова М.С. (меңгеруші)

Алдыңғы педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалу барысы жүйелі түрде бақылауға алынып, бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Педагогтарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беруде тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде белсенді қолдану ұсынылған болатын. Осыған орай, барлық топ тәрбиешілері оқу қызметін ұйымдастыру барысында, сондай-ақ күн тәртібінің әр кезеңінде балалардың бойына ұлттық құндылықтарды, Отанға деген сүйіспеншілікті, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық сияқты қасиеттерді дарытуға бағытталған жұмыстарды кеңінен енгізді. Әсіресе, көркем әдеби шығармаларды оқу, мазмұндау, дидактикалық және рөлдік ойындарды ұйымдастыру арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстарды жетілдіру мақсатында тәрбиешілер тарапынан келесі бағыттарда жұмыстар атқарылды:

Әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке жұмыс жоспарлары қайта қаралып, жүйеленді;

Топтарда қолданылатын көрнекілік құралдар, суретті материалдар, дидактикалық ойындар толықтырылып, жаңартылды;

Ата-аналармен өзара байланысты нығайту мақсатында түрлі форматтағы жұмыстар (кеңестер, шеберлік сағаттары, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері, бірлескен ойындар) ұйымдастырылды.

Тақырыптық бақылау нәтижелері бойынша әдіскер тарапынан педагогтардың жұмыс сапасына талдау жасалып, анықталған олқылықтарды жою мақсатында нақты ұсыныстар берілді. Жүргізілген әдістемелік қолдау нәтижесінде педагогтардың кәсіби деңгейінің өсуі байқалды.

 

  1. Тыңдалды: Сейткожаева Н.С. (әдіскер)

Тақырыптық тексеру. «Барлық топ балаларының коммуникативтік құзыреттілігінің даму деңгейі»

Тақырыптық тексеру барысында мектепке дейінгі ұйымдағы барлық жас топтарындағы тәрбиеленушілердің коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейіне кешенді талдау жүргізілді. Тексеру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, оқу қызметі кезінде, еркін ойын барысында және күн тәртібінің әртүрлі кезеңдерінде балалардың қарым-қатынас жасау дағдылары жүйелі түрде бақылауға алынды.

Тексеру барысында тәрбиеленушілердің өз ойын еркін және түсінікті жеткізе білу деңгейі, сөздік қорының көлемі мен мазмұны, байланыстырып сөйлеу қабілеті, сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру дағдылары, диалогқа қатысу белсенділігі, сондай-ақ үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау мәдениеті жан-жақты зерделенді. Сонымен қатар балалардың тілдік қарым-қатынас барысында өзін ұстауы, тыңдай білуі, әңгімелесушіні түсінуі және жауап беру ерекшеліктеріне де назар аударылды.

Тексеру нәтижелері бойынша тәрбиеленушілердің басым бөлігінің сөйлеу және коммуникативтік даму деңгейі жас ерекшеліктеріне сәйкес келетіні анықталды. Балалардың көпшілігі қарапайым және күрделі сөйлемдерді құрастыра алады, өз ойларын жеткізуге талпыныс жасайды және күнделікті қарым-қатынаста белсенділік танытады.

Сонымен қатар, жекелеген тәрбиеленушілерде байланыстырып сөйлеу, ойды жүйелі түрде жеткізу, сөздерді дұрыс байланыстыру, толық әрі мазмұнды жауап беру және диалогқа белсенді қатысу дағдыларының жеткіліксіз деңгейде екендігі анықталды. Кейбір балалардың сөздік қорының шектеулі болуы, сөйлеу барысында кідіріс жасауы және қысқа жауаптармен шектелуі байқалды.

Анықталған кемшіліктердің себептері ретінде жеке жұмыстардың жеткілікті деңгейде жүйеленбеуі, тіл дамытуға бағытталған ойындардың тұрақты қолданылмауы, сондай-ақ ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың жеткіліксіз ұйымдастырылуы көрсетілді.

Осыған байланысты анықталған олқылықтарды жою мақсатында тәрбиешілерге тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке және шағын топтармен түзету-дамыту жұмыстарын күшейту, тіл дамытуға бағытталған дидактикалық және сюжеттік-рөлдік ойындарды оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде қолдану, балалардың сөздік қорын байыту бағытындағы жұмыстарды жандандыру, сондай-ақ ата-аналармен өзара байланысты нығайту ұсынылды.

Жалпы алғанда, тақырыптық тексеру нәтижелері педагогтарға балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту бағытындағы жұмыстарды жетілдіру және жүйелеу қажеттігін көрсетті.

 

  1. Тыңдалды: Курмангалиева А.К (тәрбиеші)

«Сюжеттік-рөлдік ойынның баланың сөздік қорын арттырудағы рөлі».

Педагогикалық кеңес барысында сюжеттік-рөлдік ойындардың мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы маңызы жан-жақты қарастырылды. Сюжеттік-рөлдік ойындардың тәрбиеленушілердің сөздік қорын молайтуда, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда және коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда ерекше орын алатыны атап өтілді.

Аталған ойындар барысында балалар белгілі бір әлеуметтік рөлдерді қабылдап, сол рөлдерге сәйкес әрекет етеді, ойын желісі бойынша өзара қарым-қатынасқа түседі. Бұл өз кезегінде балалардың сөйлеу белсенділігін арттырып, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуіне мүмкіндік береді. Ойын процесінде тәрбиеленушілер жаңа сөздерді меңгеріп қана қоймай, оларды орынды қолдануға, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге дағдыланады.

Сонымен қатар, сюжеттік-рөлдік ойындар барысында балалардың шығармашылық қабілеттері, қиялы, ойлау белсенділігі дамитыны, қоршаған орта туралы түсініктері кеңейетіні және әлеуметтік тәжірибесі қалыптасатыны атап өтілді. Балалар ойын кезінде бір-бірімен пікір алмасып, сұрақ қойып, жауап беруге үйренеді, бұл олардың диалогтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Тәрбиешілердің іс-тәжірибесінде «Дүкен», «Дәрігер», «Шаштараз», «Отбасы», «Балабақша», «Қонақ күту» сияқты сюжеттік-рөлдік ойындардың жүйелі түрде ұйымдастырылатыны анықталды. Аталған ойындарды мақсатты және жоспарлы түрде қолдану балалардың сөздік қорының артуына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына және қарым-қатынас жасау дағдыларының дамуына оң әсерін тигізгені байқалды.

Сонымен бірге, педагогтарға сюжеттік-рөлдік ойындарды ұйымдастыру барысында балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру, ойын мазмұнын байыту, қажетті көрнекіліктер мен атрибуттарды тиімді пайдалану, сондай-ақ балаларды белсенді сөйлеуге ынталандыру қажеттігі ұсынылды.

Жалпы алғанда, сюжеттік-рөлдік ойындарды жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын арттырудың және тілін дамытудың тиімді құралы екендігі қорытындыланды.

  1. Тыңдалды: Темирбулатова Ж.С (тәрбиеші)

 «Ойын іс-әрекетін серуенге жоспарлаймыз»

Педагогикалық кеңес барысында серуеннің мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды кезең екендігі атап өтілді. Серуен тек балалардың денсаулығын нығайту құралы ғана емес, сонымен қатар олардың танымдық белсенділігін арттыруға, тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тиімді ұйымдастырылатын педагогикалық процесс ретінде қарастырылды.

Осыған байланысты серуен барысында ойын іс-әрекетін дұрыс және жүйелі жоспарлаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Тәрбиешілер тарапынан серуен уақытында балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілгені анықталды.

Атап айтқанда, серуен барысында:

қимылды ойындар арқылы балалардың дене белсенділігін арттыру, ептілікке, жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

табиғатты бақылауға негізделген танымдық ойындар арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту, табиғат құбылыстарын ажырата білуге үйрету;

зерттеу элементтері бар ойын әрекеттері арқылы балалардың қызығушылығын ояту, қарапайым тәжірибелер жасауға, сұрақ қоюға және қорытынды жасауға дағдыландыру жұмыстары ұйымдастырылғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, серуен кезінде балалардың өзара қарым-қатынас жасауына, еркін сөйлеуіне, ойын барысында пікір алмасуына жағдай жасалғаны, тәрбиешілердің балаларды белсенді диалогқа тарту арқылы олардың сөйлеу дағдыларын дамытуға көңіл бөлгені анықталды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде балалардың қоршаған орта туралы түсініктері кеңейіп, сөздік қорының молаюына, байланыстырып сөйлеу дағдыларының қалыптасуына және қарым-қатынас мәдениетінің дамуына оң ықпал еткені байқалды.

Сонымен бірге, педагогтарға серуенді жоспарлау барысында ойын мазмұнын түрлендіріп отыру, балалардың қызығушылығын арттыру, әрбір баланың белсенді қатысуына жағдай жасау, сондай-ақ ойын мен бақылау әрекеттерін өзара байланыстыра ұйымдастыру қажеттігі ұсынылды.

 

  1. Аттестациядан өтетін педагогтердің портфолиосын жинақтауда бағыт-бағдар беру

Аттестациядан өтетін педагогтерге әдістемелік тұрғыда жан-жақты қолдау көрсетілді. Атап айтқанда:

Портфолионың құрылымы мен мазмұны бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді;

Қажетті құжаттардың тізімі ұсынылды;

Әр педагогке жеке кеңес беріліп, олардың кәсіби жетістіктерін дұрыс рәсімдеуге бағыт-бағдар берілді.

Бұл жұмыстар педагогтердің аттестациядан сәтті өтуіне ықпал етеді.

 

Шешім:

  1. Ойын технологияларын оқу-тәрбие процесінде жүйелі және мақсатты түрде қолдану жалғастырылсын.
  2. Балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту бағытындағы жұмыстар күшейтілсін, әсіресе сөйлеу белсенділігі төмен тәрбиеленушілермен жеке жұмыстар ұйымдастыру тәрбиешілерге жүктелсін.
  3. Сюжеттік-рөлдік ойындарды барлық жас топтарында тұрақты түрде жоспарлап, тиімді қолдану қамтамасыз етілсін.
  4. Серуен барысында ойын іс-әрекетін мазмұнды және жүйелі жоспарлау жалғастырылсын.
  5. Аттестациядан өтетін педагогтердің портфолиосын сапалы дайындауына әдістемелік көмек көрсету жалғастырылсын.


«Жетісу обылысының білім басқармасының  Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» балалар бақшасы мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Педагогикалық кеңес хаттамасы  №3

Қарабұлақ ауылы

 

2025-2026 оқу жылы

Өткізілген күні: 22.01.2025 жыл

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде:

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі тәрбиеленушілердің  адамгершілік-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру»

  1. №2 педкеңес шешімдерінің орындалуын талдау.
  2. «Балалардың сөздік қорын байытудағы тәрбиешінің рөлі»
  3. «Музыка өнері арқылы балалардың ұлттық құндылықтарға құрметін тәрбиелеу»
  4. «Балалардың диалогтық сөйлеуін дидактикалық ойындар арқылы арттыру»
  5. 2025-2026 оқу жылының І жарты жылдық қорытындысы. (есеп)
  6. Педкеңес жұмысын қорытындылау, шешім шығару.

 

  1. Тыңдалды: Чимчикова М.С. (меңгеруші)

№2 педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдер бойынша келесі жұмыстардың орындалуы талданды. Меңгеруші педагогикалық ұжымға адамгершілік-патриоттық тәрбие берудің бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңызына кеңінен тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі, мақсатты түрде жүргізілуі қажет екенін атап өтті. Педагогтар өз тәжірибесінде адамгершілік құндылықтарды, Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесінде белсенді қолдануы тиіс екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, меңгеруші балалардың сөйлеу тілін дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіру қажеттігін атап өтіп, әр тәрбиешінің жеке жұмыс жоспары нақты, жүйеленген және баланың жас ерекшелігіне сай құрылуы керектігін айтты. Бұл бағытта көрнекілік құралдар мен дидактикалық материалдардың жеткілікті болуы, олардың сапалы әрі тиімді пайдаланылуы сөйлеу дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігіне ерекше назар аударып, отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту балалардың жан-жақты дамуына оң әсер ететінін айтты. Осыған байланысты тәрбиешілерге ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізу, кеңестер беру, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды.

Сөз соңында меңгеруші тақырыптық бақылау нәтижелері негізінде берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтып, аталған жұмыстардың орындалуын келесі педагогикалық кеңеске дейін әдіскерге қадағалауды тапсырды.

  1. Тыңдалды: Балтабаева Г.А. (тәрбиеші)

«Балалардың сөздік қорын байытудағы тәрбиешінің рөлі» тақырыбының мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Ол баланың сөйлеу тілінің дамуы оның танымдық, әлеуметтік және тұлғалық дамуының негізі болып табылатынын атап өтті. Сөздік қоры бай бала өз ойын еркін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым-қатынасы белсенді болады және оқу әрекетіне қызығушылығы артады.

Тәрбиеші балалардың сөздік қорын байыту жұмысы күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс екенін айтты. Бұл бағытта жаңа сөздерді меңгерту, олардың мағынасын түсіндіру, сөйлем ішінде дұрыс қолдануға үйрету, балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, сөздік қорды дамытуда көркем әдебиетті оқу, ертегілер мен әңгімелерді талдау, тақырыптық әңгімелесу, сұрақ-жауап жұмыстарының тиімділігіне тоқталды.

Дидактикалық ойындардың балалардың сөйлеу белсенділігін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. «Сөзді жалғастыр», «Сурет бойынша әңгіме құрастыр», «Кім? Не істейді?» сияқты ойындар балалардың жаңа сөздерді тез меңгеруіне және оларды тәжірибеде қолдануына ықпал ететінін айтты. Сондай-ақ, серуен, күнделікті тұрмыстық әрекеттер, еңбек дағдыларын қалыптастыру барысында балалармен тілдік қарым-қатынасты белсенді жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге, тәрбиеші әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Сөйлеуінде қиындықтары бар балалармен жеке жұмыс жүргізу, логопедиялық жаттығуларды қолдану, сөздік қорды байытуға бағытталған арнайы тапсырмалар беру оң нәтиже беретінін айтты. Көрнекілік құралдар мен дидактикалық материалдарды тиімді пайдалану балалардың қызығушылығын арттырып, оқу материалын жеңіл қабылдауына мүмкіндік беретінін жеткізді.

Ата-аналармен өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, баланың сөйлеу тілін дамытуда отбасының рөлі ерекше екенін атап өтті. Ата-аналарға үй жағдайында баламен жиі әңгімелесу, кітап оқу, сұрақтар қою арқылы сөздік қорын байытуға бағытталған кеңестер беру қажеттігін айтты. Балалардың сөздік қорын дамыту бойынша жүргізілетін жұмысты алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырып, педагогтар арасында тәжірибе алмасуды күшейту керектігін ұсынды.

  1. Тыңдалды: Молдабекова С.С (музыка жетекшісі)

Музыка өнерінің баланың рухани дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына және ұлттық сана-сезімінің тәрбиеленуіне ықпал ететін негізгі құралдардың бірі екенін атап өтті.

Музыка арқылы балаларды халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, ұлттық мәдениетімен таныстыру олардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыратынын айтты. Ән айту, күй тыңдау, ұлттық музыкалық аспаптармен танысу, халық әндері мен билерін орындау барысында балалардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы қалыптасатынына тоқталды.

Сонымен қатар, музыка жетекшісі оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халқының халық әндерін, күйлерін, бесік жырларын, тұсаукесер, беташар сияқты салт-дәстүрлерге арналған музыкалық шығармаларды жүйелі қолданудың маңыздылығын атап өтті. Музыкалық сабақтарда ұлттық мазмұндағы шығармаларды іріктеу балалардың жас ерекшелігіне сай жүргізілуі керектігін айтты.

Музыка өнері арқылы ұлттық құндылықтарды меңгертуде ойын элементтерін, қимылды ойындарды, сахналық қойылымдарды, мерекелік іс-шараларды тиімді пайдалану балалардың белсенділігін арттырып, алған әсерлерін тереңдететінін жеткізді. Сондай-ақ, ұлттық мерекелерге арналған музыкалық қойылымдар мен концерттік бағдарламалар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Сөз соңында музыка жетекшісі ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталып, үй жағдайында ұлттық әндерді тыңдау, балалармен бірге орындау, ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру арқылы тәрбиелік жұмысты жалғастыруға болатынын айтты. Музыка өнері арқылы балалардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырылуы қажет екенін атап өтті.

  1. Тыңдалды: Калыбекова Г.С. (тәрбиеші)

Мектепке дейінгі жастағы балалардың диалогтық сөйлеуін дамыту – тілдік қарым-қатынастың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Диалогтық сөйлеу баланың өз ойын нақты жеткізуіне, тыңдай білуіне, сұрақ қоюына және жауап беруге үйренуіне мүмкіндік беретінін, сондай-ақ балалардың бір-бірімен және ересектермен еркін қарым-қатынас жасауына негіз болатынын айтты.

Тәрбиеші диалогтық сөйлеудің дамуы баланың сөздік қорының кеңеюімен, грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдануымен және байланыстырып сөйлеу дағдыларының қалыптасуымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Осыған байланысты дидактикалық ойындарды жүйелі қолдану балалардың тілдік белсенділігін арттырып, сөйлеуге деген қызығушылығын күшейтетінін жеткізді.

Дидактикалық ойындардың оқу-тәрбие үдерісіндегі тиімділігіне кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, «Сұрақ-жауап», «Кім? Қайда? Не істейді?», «Рөлдік ойындар», «Сюжетті-сюжеттік ойындар», «Сөзді жалғастыр», «Диалог құрастыр» сияқты ойындар балаларды өзара пікір алмасуға, толық жауап беруге және әңгіме жүргізуге үйрететінін атап өтті. Бұл ойындар барысында балалар бір-бірін тыңдауға, әңгімелесушінің сөзін бөлмей жауап беруге дағдыланатынын айтты.

Сонымен қатар, тәрбиеші дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру қажеттігін атап өтті. Сөйлеуінде қиындықтары бар балалармен жеке жұмыс жүргізу, оларды диалогқа тарту үшін арнайы тапсырмалар беру, мадақтау арқылы ынталандырудың маңыздылығына тоқталды. Тәрбиешінің бағыттаушы рөлі ойынның нәтижелі өтуіне тікелей әсер ететінін жеткізді.

Балалардың диалогтық сөйлеуін дамытуда көрнекілік құралдар мен дидактикалық материалдарды тиімді пайдалану қажеттігін атап өтіп, суреттер, карточкалар, ойыншықтар, жағдаяттық көріністер балалардың сөйлеу белсенділігін арттыруға ықпал ететінін айтты. Сонымен бірге, диалогтық сөйлеуді дамыту жұмыстары күнделікті режимдік сәттерде, серуен кезінде, тұрмыстық әрекеттер барысында да жалғастырылуы тиіс екенін атап өтті.

Балалардың диалогтық сөйлеуін дидактикалық ойындар арқылы дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырылып, педагогтар арасында тәжірибе алмасу қажет екенін ұсынды.

  1. Тыңдалды: Сейткожаева Н.С. (әдіскер)

Балабақшада жалпы саны 90 бала тәрбиеленуде, олар 4 топқа бөлінген: 1 орта топ, 2 ересек топ, 1 мектепалды даярлық тобы. Тәрбие мен оқыту үдерісі қазақ тілінде жүзеге асырылады. Балабақшада барлығы 12 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде 1 педагог-сарапшы, 7 педагог-модератор, 4 педагог жұмыс жасайды.

Балабақша мектепке дейінгі ұйым стандартына сәйкес толық жабдықталған. Білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған. Осыған сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі, күн тәртібі, өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға негізделген перспективалық жоспарлар жасалған. Сонымен қатар, «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тәрбие-білім беру үдерісі жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес іс-тәжірибе алмасу мақсатында ашық оқу іс-әрекеттері ұйымдастырылды. Қазан айында «Доптарды заттардың арасымен қақпаға домалату», «Мамандықтардың бәрі жақсы» тақырыптарында ашық сабақтар, сондай-ақ «Қазақстан – біздің мақтанышымыз», «Қазақстан Республикам – менің», «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар «Қаңқызы мен жәндіктердің достығы», «Алтын күз», «Берекелі күз, мерекелі күз!», «Жомарт күз!» атты ертеңгіліктер ұйымдастырылды.

Балабақшада «Берекелі күз» тақырыбында шығармашылық көрме өткізілді. Көрмеге барлық топ тәрбиеленушілері белсене қатысып, балалардың шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдары айқын көрініс тапты. Қорытындысы бойынша «Қуаныш» тобы – Бас жүлдені, «Күншуақ» тобы – І орынды, «Еркемай» тобы – ІІ орынды, «Айгөлек» тобы – ІІІ орынды иеленіп, мадақтамалармен марапатталды.

Қараша айында «5 саны және цифры, тура және кері санау», «Үй жануарлары», «Құстар – біздің досымыз», «Жыл басына таласқан жануарлар» тақырыптарында оқу іс-әрекеттері өткізілді. Желтоқсан айында «Тәуелсіздік – тұғырым», «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік күні» тақырыптарында тәрбие сағаттары және «Құтты болсын, сиқырлы Жаңа жыл!», «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгіліктер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Қыс қызығы» тақырыбында шығармашылық көрме өткізілді. Көрмеге барлық топ тәрбиеленушілері белсенді қатысып, өз жұмыстарында қиял-елесін, шығармашылық мүмкіндіктері мен эстетикалық талғамдарын көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша «Айгөлек» тобы – Бас жүлдеге, «Күншуақ» тобы – І орынға, «Еркемай» тобы – ІІ орынға, «Қуаныш» тобы – ІІІ орынға лайық деп танылып, мадақтамалармен марапатталды.

«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қыркүйек айында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі, қазан айында «Даналық – ұстаздан» атты мерекелік құттықтау іс-шаралары өткізілді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене, тұлғалық және интеллектуалдық даму динамикасын анықтау мақсатында бастапқы мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде:

– жоғары деңгейде – 15 бала,

– орташа деңгейде – 35 бала,

– төмен деңгейде – 40 бала анықталды.

Педагог-логопедтің 2025–2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыстар, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды бағалау, педагогикалық қолдаудың мазмұнын анықтау, балалар мен ата-аналарға логопедиялық қолдау көрсету, кеңестік-әдістемелік қызмет және өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.

1–15 қыркүйек аралығында сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға кешенді логопедиялық диагностика жүргізілді. Диагностика нәтижесінде 12 бала педагог-логопедтің түзете-дамыту сабақтарына тіркелді.

Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Music Art Festival» өнер байқауында түрлі елдерден келген қатысушылар бақ сынады. Аталған байқауда балабақшаның «Күншуақ» тобы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.

Аталған жетістік тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттері мен жүйелі еңбегінің, сондай-ақ музыка жетекшісі Молдабекова Салтанат Садыковнаның кәсіби шеберлігінің нәтижесі болып табылады.

Шешім :

Педагогтарға адамгершілік-патриоттық тәрбие берудегі әдіс-тәсілдерді тәжірибеде белсенді қолдану ұсынылсын.

 Сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстарды жетілдіру мақсатында: жеке жұмыс жоспарын жүйелеу, көрнекілік пен дидактикалық материалдарды толықтыру, ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру топ тәрбиешілеріне тапсырылсын.

 Тақырыптық бақылау нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстардың орындалуы әдіскерге тапсырылсын.


«Жетісу обылысының білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Педагогикалық кеңес хаттамасы №2

Қарабұлақ ауылы

2025-2026 оқу жылы

Өткізілген күні: 27.11.2025 жыл

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде:

 

Тақырыбы: "Балалардың сөйлеу әрекетін дамыту"

  1. №1 педкеңес шешімдерінің орындалуын талдау.

№2 педагогикалық кеңестің тақырыбы бойынша кіріспе сөз

  1. «Мектепке жасына дейінгі тәрбиеленушілердің адамгершілік-патриоттық тәрбиесін арттырудағы әдіс-тәсілдер»
  2. Тақырып бойынша тақырыптық бақылау нәтижелері: "Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру"
  3. Педагогикалық кеңес жұмысын қорытындылау, шешім қабылдау

 

  1. Тыңдалды: Чимчикова М.С. (меңгеруші)

№1 педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдер бойынша келесі жұмыстардың орындалуы талданды:

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаты негізінде балабақшаның оқу-тәрбие жұмысы жүргізілуде.

2025–2026 оқу жылына арналған жылдық жоспар, күн тәртібі, перспективалық жоспарлар бекітіліп, педагогтер осы құжаттармен жұмыс жасауда.

Бағдарлама тәрбиелеу жұмысында жүйелі түрде қолданылып келеді.

Тәрбие жұмысы барысында баланың адалдық, жауапкершілік, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

Аттестациядан өтетін педагогтердің тізімі бекітіліп, тиісті құжаттар рәсімделді.

Педкеңес шешімдерінің орындалуын қадағалау әдіскерге жүктелген, бақылау уақытылы жүргізіліп отыр.

«Балалардың сөйлеу әрекетін дамыту» мәселесінің өзектілігі атап өтілді. Сөйлеуді дамыту мектеп жасына дейінгі кезеңдегі маңызды бағыттардың бірі ретінде көрсетілді. Педагогтардан сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс түрлерін жетілдіру, әдістемелік құзыреттілікті арттыру және балалардың тілдік ортасын байыту міндеттерін күшейту талап етілетіні айтылды.

  1. Тыңдалды: Калимолданова А.Б. (тәрбиеші)

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерге адамгершілік-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы атап өтілді. Баяндамашылар бала тұлғасында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерге тоқталды. Атап айтқанда:

баланың моральдық түсініктерін дамытуға бағытталған тәрбиелік жағдаяттарды жүйелі ұйымдастыру;

ұлттық салт-дәстүрлерді таныстыру және оқу іс-әрекетіне кіріктіру;

туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған көркем әдебиетпен, халық ауыз әдебиетімен жұмыс жүргізу;

жобалық, зерттеу жұмыстарын қолдану арқылы баланың азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

отбасымен бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы тәрбие жұмысының нәтижелілігін арттыру.

Осы аталған әдістер тәрбиеленушілердің адамгершілік қасиеттерін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін және патриоттық сезімін қалыптастыруға оң әсер ететіні айтылды.

  1. Тыңдалды: Сейткожаева Н.С. (әдіскер)

Тақырыптық бақылау барысында педагогтер тарапынан жүргізілетін сөйлеуді дамыту жұмысының ұйымдастырылу деңгейі зерделенді. Бақылау нәтижелері бойынша келесі мәліметтер анықталды:

топтарда балалардың тілдік ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жүйелі жүргізіліп отырғаны байқалды;

тіл дамытуға арналған көрнекіліктер, сөздік ойындар мен артикуляциялық жаттығулардың қолданылуы тұрақты екені анықталды;

балалардың сөздік қоры мен сөйлеу белсенділігінің дамуында оң динамика байқалды;

кейбір педагогтерде сөйлеуді дамыту бойынша жеке жұмыс жүргізудің жүйелілігін арттыру қажеттілігі белгіленді;

сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлерін көбейту қажет екені көрсетілді.

Ұсыныстар: жеке және шағын топтық жұмыстарды жоспарлау мен жүйелі жүргізу; Дыбыстарды дұрыс айтуға арналған артикуляциялық жаттығулар мен тілдік ойындардың санын арттыру; Сөйлеуді дамытуға бағытталған дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді толықтыру; Балалардың сөздік қорын байыту мақсатында шығармашылық тапсырмаларды көбейту.

 

Шешім :

Педагогтарға адамгершілік-патриоттық тәрбие берудегі әдіс-тәсілдерді тәжірибесінде белсенді қолдану ұсынылсын.

Сөйлеуді дамыту бойынша жұмысты жетілдіру мақсатында: жеке жұмыс жоспарын жүйелеу; көрнекілік пен дидактикалық материалдарды толықтыру; ата-аналармен жұмыс тиімділігін арттыру топ тәрбиешілеріне тапсырылсын.

Тақырыптық бақылау нәтижелері негізінде әдіскер келесі педагогикалық кеңеске дейін орындалуын қадағаласын.


«Жетісу обылысының білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Педагогикалық кеңес хаттамасы №1

2025-2026 оқу жылы

Өткізілген күні: 28.08.2025 жыл

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны:0

 Күн тәртібінде:

  1. Педагогикалық кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлау.
  2. 2025-2026 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хаттың мазмұнымен танысу, талқылау.
  3. Балабақшаның педагог қызметкерлеріне 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жоспарын, күн тәртібін, перспективалық жоспарларын бекіту. 
  4. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын талқылау.
  5. 2025-2026 оқу жылына аттестация өтетін педагогтарды ұсыну.
  6. Педагогикалық кеңес жұмысын қорытындылау, шешім қабылдау.
  7. Тыңдалды: Чимчикова М.С. (меңгеруші)

Кеңес төрайымы ретінде балабақша меңгерушісі М.С.Чимчикова тағайындалды. Хатшы ретінде әдіскер Сейткожаева Н.С. тағайындалды.

  1. Тыңдалды: Темирбулатова Ж.С.

2025-2026 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хаттың мазмұнымен таныстырды. Хатта көрсетілген негізгі бағыттар: Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жас ерекшеліктеріне сай тұлғалық дамуына жағдай жасау; Инклюзивті білім беру қағидаттарын ұстану; Ойын арқылы оқыту, құндылықтар тәрбиесін енгізу; Ата-аналармен тиімді серіктестік орнату жолдары. Педагогтер тарапынан пікірлер айтылып, ұсыныстар берілді. Құжат мазмұны толық зерттеліп, жұмыс барысында басшылыққа алу ұсынылды.

  1. Тыңдалды: Чимчикова М.С. (меңгеруші)

2025–2026 оқу жылына арналған құжаттарды бекіту, балабақша әдіскері және меңгеруші тарапынан: Мекеменің жылдық жұмыс жоспары, әр топтың күн тәртібі, перспективалық оқу-тәрбие жоспарлары ұсынылып, талқылаудан өтті. Педагогтер тарапынан мазмұнына қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, нақтылаулар жасалды. Жоспарлар бекітілді. 

  1. Тыңдалды: Чимчикова М.С. (меңгеруші)

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген. 

Ай сайын белгіленген тақырыптарға сәйкес педагогтар арасында «Адал азамат» іс-шаралары қарастырылады. Мысалы: әділдік, еңбекқорлық, патриотизм сынды құндылықтар оқу процесінің өзегіне айналмақ. Осы бағытта мектеп өміріне «Өнегелі 15 минут», күй әуенімен қоңырау соғу, ұлттық ойындар секілді жаңа форматтар енгізіледі. Сонымен қатар, оқушының мектеп қабырғасынан тыс өмірлік тәжірибесін байытуға да ерекше көңіл бөлінеді.

 Бұған дейін іске асқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Қамқор» (экология және волонтерлік), «Еңбегі адал – жас өрен» (еңбекке баулу және мамандыққа бағдар), «Smart Bala» (IT және инновациялық ойлауды қолдау), «Шабыт» (өнер мен мәдениет арқылы рухани даму), «Ұшқыр ой алаңы» (пікірсайыс пен зияткерлік ойындар), «Балалар кітапханасы» (оқу сауаттылығы мен кітап мәдениетін дамыту) секілді алты ірі жоба жүзеге асқан болатын.

Сонымен бірге, буллингтің, құқықбұзушылық пен балалар арасындағы қауіптің алдын алуға бағытталған жобалар өз жұмысын жалғастырады. Олар:«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам».

Бұл бағдарлама – еліміздің барлық мектептерінде біртұтас тәрбиелік орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Ата-аналарды қолдау орталығы жұмын ары қарай жалғастырады.
5. Тыңдалды: Темирбулатова Ж.С.

2025–2026 оқу жылында аттестациядан өтетін педагогтер тізімін таныстырылды: Курмангалиева А.К., Балтабаева Г.А., педлагог-сарапшыға, Калимолданова А.Б., педагог-модераторлыққа ұсынылды.

 

Шешім :

Педагогикалық кеңестің төрайымы болып М.С.Чимчикова, хатшысы болып Ж.С.Темирбулатова сайлансын.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаты мазмұны негізінде балабақшаның оқу-тәрбие жұмысы жүргізілсін. 2025–2026 оқу жылына арналған: Жылдық жоспар, күн тәртібі, перспективалықжоспарлар бекітілсін және педагогтер осы құжаттармен жұмыс жасасын. Бағдарлама тәрбиелеу жұмысында жүйелі түрде қолданылсын. Тәрбие жұмысы барысында баланың адалдық, жауапкершілік, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру басты назарда болсын.Аттестациядан өтетін педагогтер тізімі бекітіліп, тиісті құжаттар рәсімделінсін. 

Педкеңес шешімінің орындалуын қадағалау бала бақша әдіскеріне жүктелсін. 


Педагогикалық кеңес №4 

Тақырыбы: «Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың білім алу іс-әрекетінің тәсілі»

  1. №3 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы туралы
  2. «Барлық топ балаларының коммуникативтік құзыреттілігінің даму деңгейі»
  3. «Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың» сөздік қорын көбейту».
  4. «Ойын іс-әрекетін серуенге жоспарлаймыз» (іс - тәжірибе жұмысынан)
  5. Аттестация -2024 жылғы талқыланды
  6. Пед кеңес жұмысын қорытындылап осындай сұрақтар қаралды.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үнемі коммуникативтік-тілдік бағытқа негізделіп, оқу іс-эрекеттері қарым-қатынас және мақсатты тапсырмалармен ұйымдастырылуы керек. Осы бағытта түрлі мониторингтер жүргізуге болады. Балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру жұмыстары мынадай бағыттарда жүргізілсе:

  1. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында баламен қарым- қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баурап алуы, яғни тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт;
  2. Бала тілін дамыту үшін ең тиімді әдісті пайдаланса;
  3. Өтілетін мәтін, тапсырмалар, илюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы;
  4. Сөйлеуді дамытуда көркем шығармалар, мақал-мәтелдер, санамақтар, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, ертегілер, өлең, тақпақтар, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынса;
  5. Сөздік жұмыстарын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдану;
  6. «Ойын қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша фронтальді бақылау нәтижелеріне сәйкес №4 педагогикалық кеңестің бақылауында қалдыру:

- барлық топтардың тәрбиешілеріне топтардың пәндік-даму ортасын қайта қарау, оны сюжетті-рөлдік ойындармен толықтыру. Қолда бар ойын материалын картотекаларға сәйкес жаңарту және жүйелеу.

- Тәрбиешілерге әртүрлі ойын түрлерін өткізу әдістемесін, мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын дамыту бойынша жұмыстың ерекшеліктерін зерделеу бойынша жұмыс жүргізу.

  1. Балалардың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруінің аралық мониторингінің нәтижелері бойынша жеке даму карталарында түзету іс-шараларын белгілеу, белгіленген іс-шараларға сәйкес жеке жұмыс жүргізу.
  2. Педагогикалық процестің барлық қатысушыларын жұмыстың әртүрлі формалары арқылы психологиялық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік беретін психологиялық біліммен қамтамасыз ету. Ата-аналар мен педагогтерге қызықты әрі өзекті болатын ақыл-кеңес тақырыптарын нақтылау.
  3. Екінші жартыжылдықта Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын көру қабілеті бұзылған балаларға арналған түзету топтарының сапалы игеруін қамтамасыз ету. Балалардың біліктері мен дағдыларын дамыту деңгейінің аралық мониторингінен алынған деректер негізінде жұмысты құру.
  4. Инклюзивті білім беру кабинетіне баратын балалардың екінші жартыжылдықта Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету. Балалардың дағдылары мен дағдыларын дамыту деңгейінің аралық мониторингінен алынған деректер негізінде жұмысты құру.
  5. Өз білімдерін көтеру бойынша жұмыс бағыттары бойынша әр тәрбиешінің келелі мәселесіне жеке-жеке тоқталып өтті. Балабақша  педагогтерінің өздерінің алған мәселелері бойынша жоспарлары талқыланды. Сондай-ақ М.С Чимчикова  аттестаттау бойынша комиссияның құрамы бекітілгенін айтылды.

Аттестаттау бойынша комиссия құрамы бекітілсін:

Комиссия Төрағасы: Чимчикова М С. меңгеруші

Төрағаның орынбасары: Курмангалиева А К  (педагог- мадератор)

Комиссия мүшелері:

Курмангалтева А К  тәрбиеші (педагог-мадератор)

Балтабаева Г А  тәрбиеші (педагог- матератор)

Кадирбекова А К  тәрбиеші (педагог 1 санат)

Калимолданов А Б тәрбиеші (педагог)

Сараптама кеңесінің жаңа құрамы бекітілсін

Төраға Чимчикова М С

Сараптама кеңесінің мүшелері:

Балтабаева Г А тәрбиеші, «педагог-мадератор»

Курмангалиева А К  тәрбиеші, кәсіподақ комитетінің мүшесі
7. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын зерделеу, жұмысты қағидаларға сәйкес жүргізу.


№3 Педагогкалық кеңес тақырыбы: «203-2024 оқу жылының І жартыжылдығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру қорытындылары»
Мақсаты: 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін талдау. 2023-2024 оқу жылының ІІ жартыжылдығына арналған бағдарламалық мазмұнды игеру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарын айқындау.
Күн тәртібінде өткізілген жұмыстар. 1. №2 педагогикалық кеңестің шешімін орындау туралы. (жауапты/меңгеруші) «2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығындағы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру қорытындысы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел. 2. «№3 педагогикалық кеңеске салыстырмалы бақылау нәтижелері» балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруінің аралық мониторингінің қорытындылары». (жауапты/әдіскерлер Т.Мерекенова). 3.«Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық тәрбие беру арқылы негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру» (тәжірибе алмасу) тәрбиеші Г Калыбекова 4.«І жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері туралы педагог-психологтің талдамалық есебі» (жауапты/педагог-психолог А Тлеукенова).