«Таңғы жаттығулар" балабақшадағы жаттығулар жиынтығы.
Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан - жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік ықпал етеді.
Балабақша мейірбикесі: Байгабатова Н.М
«Балдәурен» балалар бақшасының медбикесі Н.М. Байгабатова балабақшадағы балаларды таңертеңгі сүзбеден өткізіп, топтардағы ауа температурасының жағдайын бақылап, таңғы жаттығулардың өткізілуін қадағалайды. Жалпы топтардағы тазалықтың сақталуын бақылап, балалардың таңғы, түскі, бесін асын дұрыс ұйымдастырылуын қадағалайды. Сонымен қатар, балалардың күнделікті таза ауамен тыныстауы, балаларды жылына екі рет антропометриялық өлшемдерін алу, ата-аналармен үнемі кеңес өткізіп, ЖРВИ, тұмау, қызылша ауруларына байланысты іс шаралар жүргізіліп отырады.