Баланың денсаулыққа және бақытты өмір сүруге деген құқығын іске асырудың бірден бір жолы, жаз кезеңінде мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Жазғы уақыттағы балалармен жұмысты сауықтыру деп айтады. Осы арқылы оның мақсаты мен бағыты айқындалады. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дер кезінде пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу маңызды. Балабақшаның жаз кезіндегі жұмысының негізгі мақсаты сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арнаған неғұрлым тиімді жағдайлар жасау және балалардың танымдық қызығушылығын дамыту болып табылады. Қай халықтың болмасын елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Бүлдіршіндеріміздің езуінен күлкі кетпей, аспандары ашық, қуаныштары көп болсын!