Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.
2024 жылдың 23 желтоқсан күні балабақшаның орта «Еркемай», «Қуаныш» топтарында «Жарқыраған Жаңа Жыл!» тақырыбында ертеңігілік өткізілді. Іс шараның мақсаты балаларды жасыл шыршамен таныстырып, тақырыптық ән орындау арқылы тілдерін дамыту, мерекелік көңіл күй сыйлау.
Зал мен шырша әсем безендірілді. Орта топ балалары кішкентай Аяз аталар, Гномдар, Ақшақарлар мен Қояндардың костюмдерін киді. Сонымен қатар ертеңгілікте ақ қарлар, шамдар, жылтыр түрлі-түсті желдеткіштер, ойыншықтар қолданылды. Балалар тақырыптық ән орындап, би билеп, Аяз атадан күткен сыйлықтарын алды.