«Өнерлі бүлдіршін – ел болашағы-2024ж!» көркемөнерпаздар байқауы
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Өнерлі бүлдіршін-ел болашағы-2024» аудандық байқауы мектепке дейінгі ұйымдарының, арасында өткізілді. Байқауға балабақшамыздың ересек, мектепалды даярлық топтарының балалары қатысты. Байқаудың мақсаты: Балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, ән мен би өнерінің кең ауқымда өрбуіне атсалысу; өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, эстетикалық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіру, сахна мәдениетіне баулу. Дарынды балалардың өнерін насихаттауға үлес қосу;
Мектепалды даярлық «Күншуақ» тобының қыздарының орындауы «Тәтті Шашу» биі
Ересек «Айгөлек» тобының қыздарының орындауында–хор «Кішкентай торғайлар»
Ересек «Қуаныш» тобының бүлдіршіні Мақсатқызы Балаусаның орындауында - «Балдәурен» әні
Мектепалды даярлық «Күншуақ» тобының Бақытбек Әбілмансұрдың орындауында-«Әсем ән» әні
Мектепалды даярлық «Күншуақ» тобының- «Көңілді Динолар» биі