Мақсаты: Балалардың анаға деген жылылығын сезінуге, ұғына білуге, осы ыстық сезімді мерекеде ән мен тақпақ және би арқылы жеткізе білуге талпындыру.
Балалардың кіруі топтық биі:
Жүргізуші: Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге ,тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Құрметті аналар, әжелер, апалар, ұстаздар! Баршаңызды 8 наурыз халықаралық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын, дендеріңіз сау болсын!
Көктем кіреді.
Көктем әні:
Балалар тақпақтары:
Дәмелі
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Биі: – маржанын шашайық.
Залға музыка әуенімен балалар кіреді.
Ұлдар биі шляпа
Қуыршақ Кейіпкері (Жылап келіпті достары ренжітіпті)
Жүргізуші: бізде мереке болып жатыр біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән:Жеке дауыс Кәусар
Қуыршақ биі:
Тақпақтар:
Раяна
Анам анам ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң
Айтқан тіліңді аламын
Жұмсағанда барамын
Ойын: ұлдар
Жүргізуші: біздің қыздарымыздың биін қарсалайық
Жүргізуші: Қуыршақ сіздің анаңыз барма жақсы көресізбе?
Қуыршақ Әрине мен анамды жақсы көремін
Жүргізуші олай болса анашым әнін орындап берейік
Анашым әні:
Жүргізуші: Қуыршақ сенің көңіл күйің көтерілдіма?
Қуыршақ иә арине рахмет сендерге балалар барлықтарың өнерлі екенсіңдер
Жүргізуші жақсы қыздарымыздың
Кампит биін тамашалайық
(биден кейін қыздар кампиттерін қуыршаққа береді
Көңіл күйі көтеріліп шығып кетеді.
Қуыршақ рахмет сендерге балалар сау болыңдар
Жүргізуші : Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер олай болса әжемізге арнап әнімізді айтайық Ән (Әже)
Ойын: ұлдар қыздарды сәндеу.
Жүргізуші: Құрметті аналар, әжелер, апалар, ұстаздар!
Осымен, 8 наурыз мейрамына арналған шағын концертіміз аяқталды. Мереке мәңгілік болсын. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрқашан аман болыңыздар!
Топ тәрбиешілері: Савилхан Н. Калимолданова А.