« Күншуақ » мектепалды даярлық тобы Тақырыбы: «Мақал — сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы. Білім беру саласы: Коммуникация Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту. Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Мақал-мәтелдер — халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініп білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Ғажайып сәт: Таша баланың келуі. І-кезең «Ақылды балалар» — ақыл, нақыл сөздер ІІ-кезең «Кім тапқыр» суретке қарап мақал құрастыру ІІІ-кезең Сөз жұмбақ «Мақал» ІV-кезең «Шапшаң тіл» — жаңылтпаштар. Күтілетін нәтиже: Біледі; Мақал-мәтел , жұмбақ шешуді; Үйренді; Мақал туралы түсінеді; Тәрбиеші: Кадирбекова Айман Кенжебаевна