Жүгіру жолы
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Балдәурен» Балалар Бақшасы МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ

Тәрбиеші балаларға серуен кезінде көптеген іздерді көріп, бақылағандары туралы айтқызады және аюдың қорбаңдап, қоянның секіріп жүретіні жайлы естеріне түсіреді.Аюдың басқан ізін қарлы боран соғып, басып тастағандықтан, өз үйін таба алмай жүргенін айтады. Міне, сол аю сендерден көмек сұрай келіпті. Қонаққа келген аюды кіргізеді.

Балалар тәрбиешіге қызығушылықпен қарап, әңгімесін тыңдайды.

Ұйымдастырушылық ізденуші

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Өзіне болған қорған орман, Ішінде бар бір аю қорбаң-қорбаң. Ол не екен, балалар? (аю)

Балалар жауап беруге қиналса, тәрбиеші көмектеседі. Балалардың аюдың түсін, дене бөліктерін атап берулерін сұрайды. Аю қалай жүреді деп сұрап, аюдың қорбаңдап, маң-маң басып жүретінін түсіндіре және өзі сол қимылды көрсетіп, балаларға аюдың жүрісін қайталауды ұсынады. Олар музыка әуенімен қорбаңдаған аюдың жүрісін салып көрсетеді.

 Осы аюдың жүрген ізін қалай саламыз, кәне, маған тақтаға қараңдар.Қағазға қылқаламмен қалай үлкен дақ түсіруге болатынын көрсетеді. Домалақ, бұл аюдың табаны,енді майлы қарындашпен оның тырнағының іздерін саламыз.Екі-үш дақ түсіріп көрсетеді. Іздердің ретімен кезек-кезек салынатынын түсіндіреді. Балалар сурет салуға кіріседі.Жұмыс барысында балалардың ұқыпты жұмыс істеуін қадағалайды. Сендердің салған суреттерің арқылы аю өз үйін тез тауып алды,қатты қуанды.Тәрбиеші аюдың алғысын жеткізеді.

Балалар қарындашпен аюдың іздерін салады.

Рефлекциялы түзету кезеңі

Әр сурет талданып, әр балаға жеке бағыт-бағдар беріледі.Тәрбиеші сурет салынып болған соң ойыншық аюды осы іздермен жүргізіп көруді ұсынады.

 Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: аюдың қимыл-қозғалысын,іздердің әртүрлі болатындығын

Түсінеді: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейтеді

Қолданады: қылқалам мен қарындашты кезектестіріп пайдалану арқылы із түсіре білуді.