Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі
Балабақшамызда ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін, береке мен бірліктің символына айналған 22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Мерекелік шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілерге қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Мереке барысында балабақша тәрбиеленушілері ұлттық нақыштағы әндер орындап, би билеп, Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын айтып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, мерекелік бағдарламада ұлттық ойындар ойнатылып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы көріністер қойылды.
Шара барысында балалар ұлттық киімдер киіп, мерекенің сәнін келтірді. Балалардың өнері мен белсенді қатысуы мерекенің мазмұнын арттырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршаға шаттық пен қуаныш сыйлап, балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!