Тақырыбы: «Мақал- сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы» Оқу-тәрбие іс-әрекетінің түрі: сайыс 1-кезең «Ақылды балалар-ақыл нақыл сөздер . 2-кезең «Мақал –мәтелдер» 3-кезең «Жұмбақтар» 4-кезең «Шапшан тіл» жаңылтпаштар. 5 –кезең «Ұлттық үстел үсті ойындары» Міндеттері; Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелей отырып, ұлттық дүние таным негіздері қалыптасады. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыра отыра ,сол сөздерден өнеге ала білді. Мақал-мәтелдер халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер өмір шындығының көрнісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініп білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.