Жүгіру жолы
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Балдәурен» Балалар Бақшасы МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ

                                               орта «Бөбек» тобы

Тақырыбы: « Берекелі  Алтын күз».               

Мақсаты :  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген .Әдемі ән ойналып тұрады . Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.  Балалардың қолдарында жапырақтар.

«Бөбек»тобының балалары күзгі жапырақпен «Күзгі вальс» әнімен залға кірді. Балалар орындарына тұрып «Жапырақ» әні орындады. Күзге арналған барлық топ балалары тақпақтарын айтты. Қонаққа бізге күз Ханшайым, қолында бір себет сыйлымен топқа келді. Жасына сәйкес балаларға жұмбақ жасырды және  «Жеміс пен көкеніс» ойынын ойнатты.  Күз Ханшайымына арнап балалар «Кап-кап» әні орындап берді.Балаларға сергіту сәтті: «Жаңбыр шелеке»  «Бөбек» тобының балаларына күз Ханшайымы әкеген сыйлығын таратты.

Тәрбишілері :Мерекенова Т.М

                        Савилхан Н

 

 

Ересек «Қуаныш» тобы

 

 

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты: Күз туралы, түсініктерін қалыптастыру.

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Концерттік бағдарламалардың атауы мен орындаушылары:

  1. Балалар қолдарына жапырақ ұстап, топқа кірді, күз мерекеге байланысты,әуенге қолындағы жапырақтармен биледі.
  2. Балалар күз мерекесіне арналған тақпақтарын айтты.
  3. Ән: «Күз келді, күз келді!» барлық балалар орындарынан тұрып орындады.
  4. Келесі кезекте ортаға «Алтын күз» келді, қолында себетімен. Содан кейін балалармен «Жемістер жинау» ойынын ойнады.
  5. Балалар күз мерекесіне арналған тақпақтарын айтты.
  6. Би: «Қолшатыр» қыздар әдемі билеп, шықты.
  7. Ән: «Кап-кап», барлық балалар орындарынан тұрып, орындап шықты.
  8. Балалар күз мерекесіне арналған тақпақтарын айтты.
  9. Би: «Ақ тиіндер» қыздар әдемі билеп, шықты.
  10. Балалар күз мерекесіне арналған тақпақтарын айтты.
  11. Би: «Бұлттар» ұлдар әдемі билеп, шықты.
  12. Күз мерекесі аяқталып, тәрбиеші балаларды күз мерекесімен құттықтап,қоштасты.

 

Тәрбиешілер: А.К.Курмангалиева

                         А.А.Тлеукенова

 

 

 

ересек   «Айгөлек» тобы

 

Тақырыбы:  «Алтын күз!»

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз туралы балалардың дүние танымын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Тапқырлық, жылдамдық, ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Балаларга мерекелік көңіл-күй сыйлау.

 

Ән: «Күзім – күзім»

Ән: «Күз мезгілі тамаша»

 

Күз туралы тақпақтар.

 

Ойын: «Дәмінен ажырат»

 

Би: «Бұлттар» қыз балалардың орындауында.

Би: «Қолшатыр» қыз балалардың орындауында.

Би: « Саныраукулактар»

 

Топ тәрбиешілері: Балтабаева Гулнара Әбенқызы

                                  Курамысова Жұлдыз Төлеуқызы

 

 

Мектепалды  «Күншуақ» тобы

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты:  Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

 

Тәрбиешілер: Кадирбекова Айман Кенжебаевна

Калыбекова Гульмира Сарсебаевна