Балабақшамызда көктемнің шуақты мерекелерінің бірі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Бұл мерекенің басты мақсаты – аналарға, әжелерге, ұстаздарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, балалардың мейірімділік пен сыйластық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.
Мерекелік кеш барысында тәрбиеленушілер өздерінің дайындаған әсем әндерін орындап, көңілді билер билеп, аналарына арнап жаттаған тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Балалар сахнада өз өнерлерін көрсетіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, мерекелік бағдарламада түрлі ойындар мен қызықты көріністер ұйымдастырылып, аналар мен балалар бірге қатысып, ерекше әсер алды.
Шара барысында бүлдіршіндер өздерінің аналарына, әжелеріне және тәрбиешілеріне жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Балалардың шынайы ықыласы мен ақ тілектері аналарға ерекше қуаныш сыйлады.
Мереке өте әсерлі әрі жылы атмосферада өтті. Балалардың шат күлкісі мен қуанышқа толы көңіл-күйі мерекенің сәнін келтіріп, барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Осындай мерекелік шаралар балаларды мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге және жақын жандарға қамқорлық танытуға тәрбиелеуде үлкен маңызға ие.