Жүгіру жолы
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Балдәурен» Балалар Бақшасы МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ

Республика  күні — ұлттық, халықтық мереке.  Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі оянып еліне тамсанатындай реті бар. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, білім денгейіне қарамай, еліміздің көркейуіне бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Өтпелі кезең ауырпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды.  Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді. Қазіргі таңда Қазақстан көп елдермен теңесіп, мәртебесі беделді мемлекет. Талай тағдыр тауқыметіне ұшырап, қазақ халқы бүгінгідей бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиын жолдардан өтті. Қазақ елін, қазақ жерін білектің күшімен, алмас қылыш ұшымен, өткір тілімен, қасиетті қанымен қорғаған ұлы тұлғаларымыз тарихта аз емес.
Адамзаттың парызы туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. 
Республика күніне орай балабақшамыздың барлық топтарының қатысуымен  «Өнеріміз саған-Қазақстан» тақырыбында мерекелік ертеңгіліктер өтті.  Ертеңгілікте балалар еліне арналған тақырыптық өлеңдерін арнап, ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.  
Жаны жайсаң азат елім, қазағым  көк туымыз көгімізде желбіреп, әр бір күніміз шаттыққа толы болсын, 25 қазан Республика күні құтты болсын!