Бұл күн - егемен еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Республика күні әр азаматтың бойында туған жеріне, елінің тәуелсіздігіне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатады. Қазақстан халқы бүгінде ұлтына, дініне, тіліне қарамай, елдің дамуы мен өркендеуіне бірлесе еңбек етіп келеді.
Тәуелсіздік жылдарында еліміз талай қиындықтарды еңсеріп, саяси және экономикалық тұрғыда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Халықтар достығы мен ел бірлігі - біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты мемлекетімізде бейбіт өмір мен татулық сақталып, әрбір қазақстандық оның маңызын терең түсінеді.
Бүгінгі Қазақстан - әлем сахнасында беделі биік, мәртебесі жоғары мемлекет. Осындай жарқын күнге жету жолында халқымыз көптеген сынақтардан өтіп, елін, жерін қорғаған батыр бабаларымыздың ерлігімен бұл күнге жетті.
Әр адамның парызы - өз елін сүйіп, оны гүлдендіру, келер ұрпаққа аман жеткізу.
Республика күніне орай балабақшамызда барлық топтардың қатысуымен мерекелік ертеңгілік өтті. Балалар Отанға арналған өлеңдер айтып, ойындар ойнап, би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Азат, бейбіт елім, көк туымыз көгімізде биікте желбіреп, әрбір күніміз шаттық пен бақытқа толы болғай! 25 қазан - Республика күні құтты болсын!