Жүгіру жолы
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Балдәурен» Балалар Бақшасы МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ

Балабақша ата - аналармен  әр түрлі жұмыс түрлерінің формалары мен заманауи модельдерін  қолданамыз.
Педагогтер ата - аналармен бірнеше бағытта түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып жұмыс жасайды. Мектеп - балабақшамызда ата - аналармен жүргізілетін жұмыс формалары мен заманауи модельдерінің түрлері мынадай:
Ата - аналар бұрышы;
Сұрақтар мен жауаптар кеші;
Ата - анамен жеке жұмыс;
Тренингтер ;
Көрмелер;
Отбасылық сайыстар;
Тәрбиелеудің үш көзі ;
Ашық есіктер күні;
Сауалнама жүргізу;
Бақытты отбасы альбомдар;

Ата - анамен жеке жұмыс- отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі болып табылады. Бұл форманың артықшылығы отбасын зерттеу, ата-аналармен сұхбат, ата-аналардың балалармен топта, үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтердің баламен біріккен іс-әрекетінің нақты жолдарын белгілеуінде.

Ата - аналар бұрышы - әр топта ата - аналар бұрышына балалардың денсаулығына байланысты мәліметтер, балаларының жетістіктері жайлы ақпарат, мадақтамалар орналастырылады. Осы ата - аналар бұрышы арқылы балалары жайлы ақпараттар алып отырады..

Тренинг ата - анамен жұмыстың жаңа форматта жүргізілетін түрі. Ата-аналар жиналыстары түрлі тақырыпқа байланысты өткізіледі, әр тақырыпқа сай тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары ата-ана және баламен іс - әрекеттің қарым - қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғынып шешуге бағыт береді. Тренингте түрлі жағдайларға байланысты күнделікте болып жатқан бала мен ата - ананың арасындағы жағдаяттарды түсінуге көмек көрсетіледі.
Көрмелер ата - аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейлінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін ата - анамен жұмыстың тиімді формасы болып табылады. Отбасылық сайыстарға арналған түрлі отбасымен бірігіп қатыстыруын үнемі қадағалап, қызығушылықтарын арттырған жөн. Біріккен жұмыстың арқасында ата - аналардың бойында ізденуге деген талпыныс күшейе түседі.

Ашык есік күні - ата - анамен мейлінше кең таарған жұмыс формасының бірі. Ата - аналарды тәрбиелеу, оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ашық есік күніне ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары туралы ата - аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады,баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.

Ата - аналармен жұмыстың формалары мен заманауи модельдерін қолдануда, балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасын тарту барысында, ата - аналардың бала тәрбиесіне жауапкершіліктері артып, баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің басты рөл атқаратынын ата - аналарымыз  сезді. Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен позициясы өзгерді. Көптеген балабақшаішілік іс - шараларға қатысу барысында балаларының алдында ата - аналарының, ата-аналар алдында педагогтер беделі көтерілді. Ата - ана, бала және тәрбиеші тығыз байланыста болып, ата - анаға дұрыс бағыт бағдар берген жағдайда мектепке дейінгі тәрбие сапасы жоғары болмақ.

Әдіскер: Мерекенова Т.М